Kzsounds.kz » Казахские песни » Каримов Райымбек - Қазақтың жылқылары - скачать песню бесплатно и слушать онлайн
Каримов Райымбек - Қазақтың жылқылары

Каримов Райымбек - Қазақтың жылқылары

  • Категория: Казахские песни
  • Качество: 320 kbps
  • Длительность: 04:06 мин
  • Размер: 9.39МБ

Скачать песню Каримов Райымбек - Қазақтың жылқылары или слушать онлайн бесплатно в хорошем качестве 320 кбит/с

00
Слушать
Скачать

Так же редлагаем вам посмотреть другие новинки Казахских песен

Текст песни
ҚАЗАҚТЫҢ ЖЫЛҚЫЛАРЫ

Заулады, зырқырады,
Ала шаң бұрқырады,.
Мәреге жүзден жүйрік,
Мыңнан бір ұмтылады.
Еңкейді күн құлағы,
Дүбірлеп мың тұяғы.
Бәйгеде келе жатыр,
Қазақтың жылқылары.

Арқырап кісінеген,
Сом тұяқ, күші бекем.
Атылса, аспан тепкен,
Қас тұлпар түсіме енген.
Мінезді ұлтым әні ~
Кісінеп, майдан кірген,
Қазақтың жылқылары!
Әр қылы оттан ескен,
Рухымның шырпылары!

Ұмтылмас сол күн әлі,
Сүйегім сырқырады.
Қырылды зұлмат жылдар,
Даламның жылқылары.
Шыбын жан шырқырады,
Топырлап құз құлады.
Қылқұйрық кісінесе,
Қанымды қыздырады.
Қайда сол қазанатым,
Жоқтайды азаматың.
Тайбурыл, Құлагерлер,
Дертімді жаза алатын.
Тулайды, жұлқынады,
Асаудай бұлқынады.
Жүрегім, жаным да сол ~
Қазақтың жылқылары!

Ақылды жануарлар,
Асылдар, алуандар.
Жанына серік еткен,
Батырлар, палуандар.
Көкпарда тартысады,
Шабынып, шарпысады.
Мықтының тақымында,
Жебедей алға ұшады.
Алтынжал, Ақтабандар,
Атбегі мақтағандар.
Байшұбар, Сандалкөктер,
Үмітті ақтағандар.
Жеңіске бастағандар,
Шабандоз баптағандар.
Білмейді қадіріңді,
Қанына тартпағандар.
Тегіне тартпағандар.

Ұмтылмас сол күн әлі,
Сүйегім сырқырады.
Қырылды зұлмат жылдар,
Даламның жылқылары.
Шыбын жан шырқырады,
Топырлап құз құлады.
Қылқұйрық кісінесе,
Қанымды қыздырады.
Қайда сол қазанатым,
Жоқтайды азаматың.
Тайбурыл, Құлагерлер,
Дертімді жаза алатын.
Тулайды, жұлқынады,
Асаудай бұлқынады.
Жүрегім, жаным да сол ~
Қазақтың жылқылары!
Комментарии
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
2020 KZSOUNDS. Новинки музыки 2021 года.